«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Комаровка орталау мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20 қараша Комаровка орталау мектебінің мектеп мейірбикесі Сабит Айсауле “Қызылша және оның алдын алу” тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларға аурудың алдын алу, жеке бас гигиеналық тазалықты сақтау туралы түсіндіру.
Қызылша (корь) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел.